Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының т.ғ.к, доценты, аға оқытушысы Баймаханов Кенжемырза Елбасы Н.Ә. назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒРУ» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЛИДЕР ПЕДАГОГ-2020» атты республикалық байқауға қатысып  1-дәрежелі диплом алып жеңімпаз атанды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының «МИРАС» РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АКАДЕМИЯСЫ жастар санасында денсаулық – блім – рухани қазына байлықтарын бағалау мен өркендету қағидатмен, баланың қәбілетіне қарай дарындығын дамытып, кәсіптік/техникалық  1-2 курс білім алушылары және ЖОО 1-курс студенттері арасында 2020 жылы Еліміздің «Тәуелсіздік күні» мерекесіне 29 жыл толуының орайластырып және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында онлайн жүйеде өткен ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ

Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін қала әкімі М. Әйтеновтен Аграрлық факультеттің әлеуметтік және тәрбие жөніндегі декан орынбасары Сейдиров Нурбол Рыстаевич алғыс хат алды.

«НҰР ОТАН» партиясының бағдарламалық міндеттері мен шешімдерін жүзеге асыруда және игілікті істерді қолдап, белсенділік танытқаны үшін "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының аға оқытушысы Ахилбеков Ғалымжан Лесбекович Нұр Отан партиясының алғыс хатымен марапатталды. 

2020 жылы мамыр айында өткен Алматы қаласындағы XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін кафедрамыздың АП-17-8к1 тобы студенті - Назан Маржан Шахизатқызы 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дүниежүзілік кітапханалық қор күніне орайластыра, Монография-ғылыми басылым алыс, жақын және отандық оқытушы профессорлар құрамымен бірлесе отырып (Орлов мемлекеттік аграрлық, Ресей халықаралық достық, т.б ЖОО), кафедрамыздың аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент- Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы оқулықтар шығарды.

Кафедрамыздың меңгерушісі, PhD доктор — Күзербаева Айсұлу Тұрмахамбетқызы - 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері бойынша 40 млн теңге көлемінде «Қазіргі заманауи жағдайда жануарлардың бруцеллез індетін жылдам балау тәсілін жасау» тақырыбы бойынша грант жеңіп алды.

       М.Әуезов атындағы ОҚМУ –нің «Аграрлық факультеттің» «Өсімдік шаруашылығы және Мал шаруашылығы» кафедрасының 1- курс студенттері арасында Ұлы Ақын  Абай Құнанбаевтың 175- жылдығына орай «Абай - дара, Абай - дана Қазақта»  атты іс шара орындалды.

Аграрлық факультеттің оқу залында  Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел  өткізілді.Аталған іс шараға   АП17,8р,АП 18,8р,АП 19,8р тобы студенттері,оқу залы кітапханашысы   Бименова С., ВКД кафедрасы аға оқытушысы Қамбаров А,аға оқытушы  Шатманов Қ,Орыс тілі пәні оқытушысы Байдулаева Р қатысты.Студенттер ұлы ғалымның мұрасымен,ғылыми –философиялық дүниетанымымен танысып,ой пікірлерімен бөлісті.

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы»

 

Қазақ ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығы мерей тойы аясында, №9 ғимаратың 300 аудиториясында  «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының топ тәлімгері Нурдилда А.Ш. АП-19-8к3 тобының ұйымдастыруымен, Абай атамыздың шығармашылығын насихаттау мақсатында жоспар бойынша іс – шара өткізілді.

Беттер