Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

16 ақпан, 2021 жылы М.Әуезов атындағы "Аграрлық" факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Мажинбеков және "Парасат" басқармасының басшысы Г.Дулатова заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді.

Махабатта – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Махаббаттың жолында "мен өлмеймін" дейтіндер құрбан болып, "мен сүймеймін" дейтіндер сүйіп кеткен. Өйткені ол табиғаттың заңдылығы. Ал табиғатқа қарсы жүру үлкен қатер. Махаббат жайлы әлемдегі ең керемет адамдар ең керемет сөздер қалдырған. Солардың бір топтамасы. Осыған орай, 12 ақпан 2021 жылы, Аграрлық факультетінің белсенді студенттердің қатысуымен "Жарасымды жұп" байқауы студенттер арасында өткізілді. Концерт өзінің  санитарлық талаптарды сақтай отырып, кызықты болып өткізілді.

      2020-2021 оқу жылында "Үздік тәлімгер" байқауының қатысушысы "Аграрлық" факультеттің 
"Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының аға оқытушысы  

Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін қала әкімі М.Әйтеновтен Аграрлық факультеттің аға оқытушысы Г.Т.Джамалова 

"Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының аға оқытушысы Э.Е.Батырдың оффлайн форматта, санитарлық нормаларды сақтай отырып сабақ өту барысы.

11-13 ақпан күндері аралығында «Ветеринарлық медицина» кафедрасы, ВАП тобы студенттерінің диплом қорғау жұмысы өтті. Комиссия төрағасы болып ҚазҰАУ-нің  ветеринария ғылымдарының доценті, профессор Джуланов Мардан Нұрмаханбетұлы келді. Комиссия мүшелері кафедра меңгерушісі-Күзербаева Айсұлу Тұрмаханбетқызы, а.ш.ғ.к., аға оқытушы- Байжанов Кеңес Серикбаевич және в.ғ.к., доцент-Тұтқышбай Ибрагим Аскерович болды.

11 ақпан, 2021 жылы "Blue Central Asia" бастамасы бойынша су білімі бойынша академиялық жиналысы "ZOOM" платформасында өткізілді. Жиналыста Азия мемлекеттерінің су саласы бойынша, қызметкерлер қатысты.

10 ақпан, 2021 жылы "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының Түркістан облысы және Шымкент қаласы мектеп бітіруші түлектеріне  Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кезекті кездесуін өткізді. 

22 қаңтар, 2021 жылы Аграрлық факультетіміздің ғалымдарымен  "026 бағдарлама" атты  конкурс талаптарын мен ережелерін таныстырып, жиналыс өткізілді.

 

Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін М. Әуезов атындағы ОҚУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С. Мәжінбековтен Аграрлық факультеттің « Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының аға тәлімгері Абашев Мурат Маратович алғыс хат алды.

Беттер