Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеттің оқу залында  Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел  өткізілді.Аталған іс шараға   АП17,8р,АП 18,8р,АП 19,8р тобы студенттері,оқу залы кітапханашысы   Бименова С., ВКД кафедрасы аға оқытушысы Қамбаров А,аға оқытушы  Шатманов Қ,Орыс тілі пәні оқытушысы Байдулаева Р қатысты.Студенттер ұлы ғалымның мұрасымен,ғылыми –философиялық дүниетанымымен танысып,ой пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде қазақ ұлттық муызыка аспабы домбырада күйлер орындалды.