Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

16 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні табиғат аясында серуендеуге жағдай жасалып, көшет егу, қоқыс тазарту шаралары ұйымдастырылады. Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды. Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз. Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. Осыған орай Аграрлық факультеттің белсенді студенттері, Дендро саябағында ағаштар егіліп, казақ халқының ұлттық тағамы "Наурыз көже" таратылды.