Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

"Sanaly urpaq" клубының аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің ақпан айында атқарылған жүмыс тәртібі  және белсенділігі мен идеясы мықты факультеттер арасында "Ең үздік факультет" байқауының жеңімпазы - АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ! Құттықтаймыз және де осындай жетістіктер  көп болсын!

 

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: көк бөрі.Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. М.Әуезов атындағы ОҚУ, "Аграрлық" факультеті, "Sanaly urpaq” аясында, Тау самалы аймағында " National values" жобасы бойынша ауқымды көкпар ойынынын ұйымдастырды. 

15-20.02.2021ж. аралығында Ақтөбе қаласында  өткен Гір спортынан және қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында М.Әуезов университеті, Аграрлық факультеті, Ветеринарлық медицина кафедрасының АП-17-8дк3 тобының студенті Сарыбай Ердаулет Асанұлы жүлделі 2 орынды иеленді! Құтықтаймыз! Алар асуларың, жеңістерің көп  болсын!

16 ақпан, 2021 жылы М.Әуезов атындағы "Аграрлық" факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Мажинбеков және "Парасат" басқармасының басшысы Г.Дулатова заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді.

Махабатта – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Махаббаттың жолында "мен өлмеймін" дейтіндер құрбан болып, "мен сүймеймін" дейтіндер сүйіп кеткен. Өйткені ол табиғаттың заңдылығы. Ал табиғатқа қарсы жүру үлкен қатер. Махаббат жайлы әлемдегі ең керемет адамдар ең керемет сөздер қалдырған. Солардың бір топтамасы. Осыған орай, 12 ақпан 2021 жылы, Аграрлық факультетінің белсенді студенттердің қатысуымен "Жарасымды жұп" байқауы студенттер арасында өткізілді. Концерт өзінің  санитарлық талаптарды сақтай отырып, кызықты болып өткізілді.

      2020-2021 оқу жылында "Үздік тәлімгер" байқауының қатысушысы "Аграрлық" факультеттің 
"Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының аға оқытушысы  

Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін қала әкімі М.Әйтеновтен Аграрлық факультеттің аға оқытушысы Г.Т.Джамалова 

"Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының аға оқытушысы Э.Е.Батырдың оффлайн форматта, санитарлық нормаларды сақтай отырып сабақ өту барысы.

11-13 ақпан күндері аралығында «Ветеринарлық медицина» кафедрасы, ВАП тобы студенттерінің диплом қорғау жұмысы өтті. Комиссия төрағасы болып ҚазҰАУ-нің  ветеринария ғылымдарының доценті, профессор Джуланов Мардан Нұрмаханбетұлы келді. Комиссия мүшелері кафедра меңгерушісі-Күзербаева Айсұлу Тұрмаханбетқызы, а.ш.ғ.к., аға оқытушы- Байжанов Кеңес Серикбаевич және в.ғ.к., доцент-Тұтқышбай Ибрагим Аскерович болды.

11 ақпан, 2021 жылы "Blue Central Asia" бастамасы бойынша су білімі бойынша академиялық жиналысы "ZOOM" платформасында өткізілді. Жиналыста Азия мемлекеттерінің су саласы бойынша, қызметкерлер қатысты.

Беттер